Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды

welcome.kz

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті шығарылды. Полиция оның кім екенін анықтады. Марқұм 54 жаста болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Полиция мәліметінше, марқұм Астана тұрғыны болған. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

– Есіл өзенінен мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері Астана қаласының 54 жастағы тұрғынының жеке басын анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, – деп хабарлады Астана полиция департаменті Ulysmedia.kz редакциясына.

Контекст

Бұған дейін Есіл өзенінен жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылған еді. Қыз кешкі уақытта үйінен шығып, содан кейін қоңырауларға жауап бермей кеткен. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді. Кейін жасөспірімнің денесі өзеннен табылды. Бұл дерек бойынша полиция суицид белгілерімен тергеу бастаған.