Алматыдағы AFD Plaza маңында өрт шыққанын куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Оқиға орнына құтқарушылар жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Алматы ТЖД мәліметінше, өрт Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде болған. Алдымен шаруашылық құрылысы отқа оранып, кейін жалын жалпы аумағы 100 шаршы метр болатын жеке тұрғын үйге тараған.
Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулады. Қазір оқиға орнында жұмыстар жалғасып жатыр.
– Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары берілді. Автоцистерналар өрт гидранттарына қосылған. Бұл судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Жағдай бақылауда, – деп хабарлады ТЖД.
Зардап шеккендер жоқ.