Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт өзгереді

Ulysmedia

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Антициклонның әсерінен 4 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде жауын-шашын болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +6…+19 °С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +10…+15 °С-қа дейін төмендейді. Елдің қалған бөлігінде температура айтарлықтай өзгермейді.