«Восточно-Жезқазған» кенішінің «Анненская» шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс «Қазақмыстың» еңбек жағдайын жақсарту және кәсіпорындардың өндірістік әрі әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді.
Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қабырғалары, төбелері, есіктері мен еден жабындары жаңартылды. Сондай-ақ шахта жұмысшылары күн сайын пайдаланатын санитарлық-тұрмыстық бөлмелер мен душтар күрделі жөндеуден өтті.
Ішкі бөлмелердің безендірілуіне де ерекше көңіл бөлінді. Кешен қабырғаларында «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлері, қазақ ағартушылары, ғалымдар, ақындар мен жазушылардың портреттері орналастырылды. Кіреберісте жұмысшылардың өздері жасаған мемлекеттік рәміздер стенді қойылды. Бірінші қабатта кофехана ашылды.
Кешеннің айналасы да абаттандырылды. Мұнда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, бұрғылау машинасының ескерткіші орнатылды және фонтан салынды.
«Анненская» шахтасының тұрмыстық кешенін жаңарту «Қазақмыстың» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болды. Бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі – жұмысшыларға қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.
2026 жылы Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге қарастырылған.
«Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi» өндірістік бірлестігінде бағдарлама 38 нысанды қамтиды. Жөндеу жұмыстары Оңтүстік Жезқазған және Батыс Жезқазған кеніштерінде, «Жомарт» кенішінде, Жезқазған байыту фабрикасында және Мамандандырылған энергетикалық-жөндеу қызметі басқармасында жүргізілді.
Бағдарлама жұмысшылардың еңбек етуі мен демалу жағдайларын кезең-кезеңімен жақсартуға бағытталған. Душ бөлмелерін, тұрмыстық орындарды, тамақтану орындары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту өндірістік кәсіпорындарда қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.