6 қарашада Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігіне арналған Ақаба процесінің саммиті басталды. Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі II Абдалла және Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов саммитке өзі келді.
Әзербайжан атынан парламент спикері Сахиба Гафарова, ал Қырғызстан атынан сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев қатысып жатыр.
Ақаба процесін 2015 жылы Иордания королі бастамашы болған. Бұл алаңда мемлекет басшылары, арнайы қызметтер мен әскери ведомстволардың басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері терроризм мен экстремизм қатерлерін талқылап, оларға қарсы бірлескен шараларды келіседі.
Орталық Азияда мұндай кездесу алғаш рет өтіп жатыр.
Контекст
Еске салайық, бір күн бұрын II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келіп, оны Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Келіссөздер барысында екі ел басшысы сауда, инвестиция, туризм және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ терроризмге қарсы бірлесіп күресуге уағдаласты.
– Жасанды интеллект қауіпсіздігі мәселесі бүгінде өте өзекті. Саммит Орталық Азия өңірінің осы мәселеге қатысты ұстанымын таныстыруға мүмкіндік береді деп сенемін, – деген еді Тоқаев.