11 қарашада Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

11 қараша, сәрсенбіде, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, кей уақыттарда жауын-шашын күшейеді. Сондай-ақ көктайғақ болады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында +3...+12 градус, солтүстік-батысында 0...+8 градус болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде термометр бағаны −3...+5 градусты көрсетеді. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы +2...+10 градус аралығында болады.

Сізге қызық болуы мүмкін