Ақмола облысында автокөлік пен жүк пойызы соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Ulysmedia

Ақмола облысында теміржол өткелінде апат болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні сағат 6.45-те Ақмола облысының Бурабай - Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен.

Төтенше жағдай салдарынан үш адам көз жұмды.

“46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: 1975 ж.т. әйел және 1985 ж.т. ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды”, – делінген полиция хабарламасында.