12 қарашада елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

ЖИ/ Ulysmedia

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бейсенбі, 12 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің шығысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

Елдің батысында түнде ауа температурасы +2…+9 градусқа дейін жылынады, күндіз +8…+17 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнде сынап бағаны −2…−10 градусқа дейін төмендейді, күндіз −2…+5 градус аралығында болады.

Орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы −5…−15 градусқа дейін төмендеп, күндіз −3…+5 градус аралығында құбылады. Оңтүстікте түнде −1…−8 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы +5…+12 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы −3…−8 градус, таулы аудандарда −11…−16 градус болады. Күндіз +2…+10 градусқа дейін жылынады, ал таулы аймақтарда −1…−6 градус аяз сақталады.

Сізге қызық болуы мүмкін