Еуро күрт құлдырап, доллар арзандады

Freepic

12 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар 1,22 теңге арзандап, 443,6 теңге болды. Еуро одан да қатты төмендеп, бағасы 4,21 теңге түсіп, 491,59 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр. 10 қараша, сейсенбі күні биржада оның бағасы 447,22 теңге болған. Осылайша, екі күнде доллар бағамы 3,62 теңге төмендеді.

KASE дерегінше, рубль 0,0136 теңге арзандап, 5,3603 теңг, ал юань бағасы 0,0749 теңге төмендеп, 66,4987 теңге болды.

Алматы

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 443,3-444,6 теңгеден сатып алынып, 445-446 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 490-493 теңгеден сатып алып, 495-497 теңгеден сатады. Рубльдің сатып алу бағасы – 5,13-5,17 теңге, сату бағасы – 5,19-5,25 теңге.

Астана

Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 442 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы –  491 теңге, сату бағасы –  501 теңге, ал рубльдің сатып алу бағасы – 5,1 теңге, сату бағасы – 5,3 теңге.

Сізге қызық болуы мүмкін