Қарағандыда учаскелік пунктте полицей көз жұмды

Ulysmedia

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Департамент мәліметінше, полицияның учаскелік пункттерінің бірінде сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген. Көп ұзамай полицей кенеттен қайтыс болған.

Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалғанын айтады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады,- делінген хабарламада.