18 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында антициклонның ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы басым болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Антициклонның орнын солтүстік циклонның терең ойығы басып, алдағы күндері елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.
Түнде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Орталық өңірлерде, сондай-ақ шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа температурасы −13…−18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Күндіз ең жылы ауа райы оңтүстік-батыста байқалып, ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін, оңтүстікте +10…+20 градусқа, оңтүстік-шығыста +10…+18 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен шығыста +5…+10 градус жылы болады. Ал солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз де салқын сақталып, ауа температурасы −1…+4 градус аралығында болады.