Алматыда қызды көлік қағып кетті - видео

Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті. Ол құрбысымен бірге Абай даңғылынан өтіп бара жатқанда BYD автокөлігінің астына түскен. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды?

Жол апаты Алматының Бостандық ауданында, Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің арасындағы бөлігінде болған.

Полиция мәліметінше, екі қыз жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған.

Осы уақытта Абай даңғылымен шығыс бағытта BYD автокөлігі келе жатқан. Көлік қыздардың бірін қағып кеткен.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді

Жол апаты салдарынан қыз жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Оқиғадан кейін полиция тұрғындарға жолды тек арнайы белгіленген жерден кесіп өту керегін ескертті.

Сізге қызық болуы мүмкін