Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы бекеттер бір жылға жабылады

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі

25 қарашадан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Сыпатай батыр» және «Чалдыбар» өткізу бекеттері арқылы көлік қозғалысы толық тоқтайды. Шектеу Қазақстан аумағындағы құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 25 қараша сағат 01:00-ден бастап «Чалдыбар» өткізу бекеті арқылы жеңіл және жүк көліктері, сондай-ақ автобустар өткізілмейді.

Шектеу кезең-кезеңімен енгізіледі. 23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға осы бекет арқылы жүк көліктерінің өтуіне шектеу қойылды. Ал екі күннен кейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтайды. Жаяу жүргіншілер шекарадан бұрынғы тәртіппен өте алады.

Қозғалыс 2027 жылдың соңына дейін тоқтауы мүмкін

Шектеу Қырғызстандағы «Чалдыбар» бекетіне қарама-қарсы орналасқан Қазақстанның «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде жүргізілетін құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына қарай қайта жанданады.

Сізге қызық болуы мүмкін