Ресейдің әскери институтында қазақстандық курсант қаза тапты

Ulysmedia

Бұл туралы ресейлік «Взгляд-инфо» агенттігіне Ресей гвардиясының облыстық департаменті басшылығындағы дереккөз мәлім еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Оқиға шамамен сағат 19.00-де болды. Кезекші бөлімшеге алдымен пулемет пен оқ-дәрі берілді. Содан кейін олар қару-жарақ қоймасының алдында сапқа тұрғызылған. Курсанттар оқпандарды да, магазиндерді де тапсыруға тиіс болды. Алайда бір әскери қызметші сапқа шықпаған: командирлердің қадағалауын пайдаланып, өзі шығарған техникасымен киім кептіретін орынға барып, сол жерде ойсыз қадамға барған”, - деп хабарлаған дереккөз ресейлік БАҚ-қа.

Марқұм институттың үшінші курсында шетел азаматтарының взводында оқыған Қазақстан азаматы болып шықты. Ол университетте коммерциялық негізде оқыған.

"Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда", – деп мәлімдеді Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.