Украинада декоммунизация науқаны аясында 30 мыңнан астам географиялық нысанның атауы өзгертілді. Ауқымды өзгерістер туралы статистиканы «Деколонизация. Украина» қоғамдық қозғалысы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Белсенділердің мәліметінше, есеп жүргізіле бастаған кезде елде Ресей немесе Кеңес Одағының тарихына қатысты атауы бар 31 769 көше болған. Қазір олардың тізімде тек 1 134-і ғана сақталған.
Бұл бастапқы көрсеткіштің 3,6 пайызына тең. Осы кезеңде барлығы 30 635 көшеге жаңа атау берілді.
Украинада топонимдерді өзгерту және кеңестік кезеңдегі ескерткіштерді алып тастау үдерісі 2015 жылы декоммунизация туралы заңдар топтамасы қабылданғаннан кейін жүйелі түрде басталды. 2022 жылдан соң науқан кеңейіп, Ресей тарихы мен мәдениетіне қатысты көше атаулары мен ескерткіштерді де қамтыды.