АҚШ Украинадағы соғысты қаңтарға дейін тоқтатуға ниетті – Зеленский

Stephanie Lecocq / Reuters

АҚШ-тың Украинамен келіссөз жүргізетін тобы Ресеймен арадағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге желтоқсан немесе қаңтар айына дейін қол жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Зеленскийдің сөзінше, Киев те соғыстың мүмкіндігінше тез аяқталғанын қалайды. Алайда ол бейбіт келісімге қол жеткізу Украина мүддесіне нұқсан келтірмеуі керегін айтты.

Президент Украинаның соғысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар АҚШ Конгресінің екі партиясымен де байланысты нығайтып, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді және Украинаға қолдауды жалғастыруды сұрайтынын айтты.

– Бұларсыз мүмкін емес. Егер Ресей соғысты тоқтатқысы келмесе, оны бұған мәжбүрлеу керек, – деді Зеленский.

Оның пікірінше, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты мақсаты өзгерген жоқ. Мәскеу әлі де Украинаны басып алуды көздейді. Сондай-ақ Ресей тарапы қыс мезгілінде украин халқының төзімі таусылады деп үміттеніп отыр.

Бұған дейін

Еске салайық, 19 қарашада Қытайда АҚШ және Қытай басшыларымен келіссөздер өткізгеннен кейін Владимир Путин журналистерге сұхбат берді. Ол Украина соғысты бастағанын айтып, Киев қаржыландырудан айырылып қалудан қауіптеніп, қазір келісімге келуге мүдделі емес деген пікір білдірді.

Сізге қызық болуы мүмкін