Синоптиктер Қазақстанда алдағы тәулікте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Бейсенбі, 26 қарашада Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Алдағы тәулікте ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Ал 28 қарашадан бастап бірқатар өңірде күн суытады.
Атап айтқанда, батыс, солтүстік-батыс және орталық облыстарда ауа температурасы -5...0 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-батыс пен шығыста 0...+5 градус, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +5...+10 градус болады. Таулы аймақтарда ауа температурасы -5...0 градусқа дейін төмендейді.