Илон Масктың байлығы 200 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-та жарияланғандай, Илон Маск Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында тұр.
«Мәскеу уақыты бойынша сағат 13: 00-де Масктың байлығы 203,4 миллиард доллардан асады. Рейтингтің екінші сатысында әлемдегі ең ірі Amazon интернет-дүкенінің басшысы Джефф Безос тұр, оның байлығы 197 миллиард доллардан асады. Үшінші орында Француз LVMH компаниялар тобының бас директоры (Louis Vuitton Moet Hennessy) Бернард Арно тұр. Оның табысы 174,9 миллиард доллар. Сонымен қатар, алғашқы бестікке Майкрософт негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтстің табысы – 131 млрд доллардан асады», - делінген хабарламада.