Белгілі қазақстандық музыкант Darkhan Juzz қайтыс болды

Ulysmedia

Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

СІМ мәліметінше, музыкант Тайландта, Пхукет аралында апатқа ұшыраған.

"Азаматымыз жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Ол жалға алынған мопедпен апатқа ұшыраған. Елшілік марқұмның жақындарымен байланыста, оның денесін елге жіберуге қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр”, – делінген хабарламада

Darkhan Juzz 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол инди-поп орындаушы, әндердің авторы және дыбыстық продюсер еді. Музыканттың жеке студиясы, продюсерлік орталығы болды.

Дархан Жүнісбеков көпшілікке Sheker, Uide, Keipker әндерімен танылды.