3 мың тонна ұнды өткізу кезінде қаражат ұрланған: Шымкент ӘКК басшылары тергеуге ілінді

Ғалиасқар Думан

Шымкентте оның ішінде 1 сұрыпты 3 мың тонна ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құраған.

Тергеуге қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.