"20 наурызға дейін 3 өңірде жер сілкінеді": ТЖМ жұртты алаңдатқан ақпаратқа пікір білдірді

Ғалиасқар Думан

Қазақстандықтарға жер сілкінісі қаупіне байланысты дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

news.myseldon.com

Ведомство өкілінің сөзінше, министрліктің аумақтық бөлімшелері мен техникалар төтенше жағдайға сақадай-сай.

«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі», - деді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.

«Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз», - деп сендірді ол. 

Еске салсақ, бұдан бұрын оңтүстік астанаға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия мен Сирияда орын алған қайғылы оқиға Қазақстанға, әсіресе Алматыға үлкен сабақ болуы керектігін айтып, қада әкімдігіне сейсмикалық қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді.

Бұдан бұрын ТЖМ жер сілкінісі болса, Алматыдағы үйлердің 30%-ы жермен-жексен болуы мүмкін деген болжам айтқан.