Жер бетіндегі ең қарт адам 127 жасында қайтыс болды

Ulysmedia

Эритрея елінің тұрғыны Натабай Тинсиу 27 қыркүйек күні 127 жасында Азефа ауылында көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: gazeta.ru

gazeta.ru-дың хабарлауынша, оның немересі атасы 127 емес, 137 жасында өмірден озғанын. Оның айтуынша, атасы өмірге келген кезде дін қызметкері шалғайдағы ауылға жете алмай, оның туған күні туралы 10 жылдан кейін ғана жазылған. Дегенмен, шіркеудегі кітапта атаның туған жылы 1894 жыл деп көрсетілген.

Немересі атасы туралы Гиннес рекордтар кітабына жазғызу үшін Guiness өкілдерімен хабарласқан. Қазіргі уақытта ең ұзақ өмір сүргені ер адам – жапониялық Дзироэмон Кимура. Ол 2013 жылы 116 жасында өмірден озған.