1 млн доллар, үй көлік: Болат Назарбаевтың тоқалы алған сый-сияпатын атады

Ulysmedia

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы экс-президенттің інісі өзіне қандай сый-сияпат жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі "Уақыт көрсетеді" жобасына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

"2016-да ол кісімен таныстық. “Келесі күні таңертең сағат 8-де кел” деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жерімен 362 шаршы метр үй сыйлады.  Осыдан кейін 1 апта өткен соң некемізді қидық", – дейді Динара Әлжан.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай таныстық сәтін нақтылаған сәтте, мынадай оқиғамен бөлісті.

"Алғашқы кездесуге келгенде "Неге кішкентай сөмкемен келдің, жаным?" дегенде мені төмендетпек болды деп ойлағанмын. Бірақ ол "Жоқ, жаным, ақшаны енді қайда салып беремін?" деді”, – деп есіне алды бұрынғы тоқал.


Ол өзіне берген ақшаны не істегенін де жасырмады.

"1 миллион долларға жуық қаражат берді. Көмек ретінде, жағдайымды жасасын деп. Анам бар, анама операция жасауға жақсы көмектесті. Ол ақшаны алдым да анама үй алып бердім Ақтаудан, ағама көлік алып бердім. Кредиттерін жуып бердім. Дым көрмегендік емес, жақындарыма көмектескім келді" – дейді Динара Әлжан.

Ол Болат Назарбаевты халық аузында жүргендей емес деп, жақсы адам ретінде сипаттады.

"Көтеріп қалғаннан кейін, балам түсіп қалды. Дәтім бармады айтуға. Мен қорықтым ол кісіні жоғалтып алам ба, менен кетіп қала ма деп. Ол кісі “Көтерерсің әлі, уайымдама” деп айтты. Мен жақсы көріп қалдым"– дейді Динара Әлжан.

Олар 2018 жылы ажырасып кеткен.