Спортшылар мамандандырылған мекемеге үйде отырып түсе алады

Ulysmedia

Бұдан былай спортшыларға арналған мамандандырылған мекемелерге түсу үшін өтінішті үйден шықпай-ақ, egov.kz-те анкетаны толтырып және барлық қажетті құжаттарды қоса тіркеп, онлайн түрде беруге болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Азаматтарға арналған үкіметтің телеграм парақшасында жазылғандай, бұрын спортшыларға арналған мамандандырылған мекемелерге түсу үшін қағаз түрінде құжаттарды, соның ішінде өтінішті, марапаттарды, спорттағы жетістіктерді растайтын бұйрықтарды, сондай-ақ анықтамаларды өзімен алып, оқу орындарына жүгіну қажет болатын. Енді өтінішті үйден шықпай-ақ, egov.kz-те анкетаны толтырып және барлық қажетті құжаттарды қоса тіркеп, онлайн түрде беруге болады.

Өтініш беру үшін «электрондық үкіметтің» egov.kz порталында мыналарды орындау қажет:

✅ «Туризм және спорт» бөлімін таңдап, «Халық үшін спорт» қосымша бетіне өтіп, «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарға құжаттар қабылдау» қызметі деген белгіні басу.

✅ Қажетті өрістерді толтыру.

✅ Құжаттарды pdf, jpeg, jpg форматында тіркеу.

✅ Смс-пароль немесе ЭЦҚ арқылы сұрау салуға қол қою.

?? Сұрау салу сәтті өңделген жағдайда мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінім орындалғаны туралы хабарлама келіп түседі.