Алматыда өткен аптада 52 адамды кене шаққан, оның 23-і – бала, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматолог-ортопед дәрігері Қанат Тезекбаев мәлім етті.
«Кенелер адамдарды көбінесе қала маңы мен тау баурайларында шаққан. Денеге жабысқан кенені теріден алған кезде оның бізтұмсығының қалып қоймауын қадағалап, мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек. Егер дәрігерге бару мүмкіндігі болмаса, дәріханада немесе кез келген басқа жерде сатылатын қысқышы бар арнайы пинцет қолдануға болады. Кенені барынша жабысқан жерінен ұстау керек, пинцетті тістеген жерінен перпендикуляр ұстаңыз, кененің денесін айналдырған күйі алу керек. Көп ұзамай кене де теріден өздігінен шығуы керек», - деді Қанат Тезекбаев.
Маманның сөзінше, кене негізінен адам терісінің ең жұмсақ жерлерін шағады.
«Оларға мыналар жатады: құлақтың сырт жағы, мойын, бастың жоғарғы бөлігі, шынтақтың ішкі жағы, қолтық асты, іш, шап, жіліншіктің ішкі жақтары, тізе асты. Кененің шаққаны білінбейді, жәндік жараға ауырсынуды басатын зат енгізеді. Кене энцефалитіне жәндіктің өзі шаққаннан басқа, ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішу арқылы да жұғуы мүмкін. Көктемде және жазда кенелер адамға күннің немесе түннің кез келген уақытында қауіп төндіреді», - деді дәрігер.