Джон Кеннедидің немере інісі АҚШ президенттігіне таласпақ

Ulysmedia

АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені, 69 жастағы заңгер Роберт Кеннеди Демократиялық партиядан үміткер ретінде президенттік сайлауға түсуге өтініш берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Getty Images

Кіші Роберт Кеннеди – 1965-1968 жылдардағы Нью-Йорк штатының сенаторы және АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры (1961-1964) Роберт Кеннедидің ұлы. Роберт – 1963 жылы Далласта (Техас) атып өлтірілген АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің ағасы. Ол да інісі сияқты науқан кезінде кісі қолынан қаза тапқан.
 
Кіші Роберт Кеннеди қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңгер және вакцинацияның қарсыласы. Ол «Балалардың денсаулығын қорғау» деп аталатын вакцинацияға қарсы ұйымды құрды. Сонымен қатар вакцинация аутизммен байланысты деген пікірлерді алға тартты. Қоршаған ортаны қорғаушы заңгер ретінде Кеннеди Гудзон өзенін тазарту тобымен жұмыс істеп, экологиялық заң фирмасының негізін қалады.