Римде өрт салдарынан ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Римде өткен түні 1862-1863 жылдары салынған ескі көпір өртенді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Life.ru-дың мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен таңға дейін күрескен. Оқиға салдарынан көпір астындағы газ құбырлары мен электр кабельдері зақымданып, 180 отбасы жарықсыз қалды.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт электрмен жабдықтау жүйесіндегі қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолда көлік қозғалысын қалпына келтіру және электр энергиясын беру жұмыстары жүргізілуде. Рим халқы 131 метрлік көпірді «темір көпір» деп атайды.