Ұшақ үйге соғылып, бірнеше адам қаза тапты

Ulysmedia

Италияның Милан қаласында жекеменшік ұшақ әуежайдан әуеге көтірелген сәтте кеңсе ғимаратына соғылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ВВС

Апаттан ұшақ ішінде болған барлық сегіз адам қаза болды. Ал ғимарат бос болған, жерде ешкім зардап шеккен жоқ, дейді BBC.

Расталмаған ақпаратқа сай, ұшақ бортында Сардиния аралына бара жатқан француздар болған. Бұған қоса, мерт болғандардың бірі бала екені белгілі.