×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Украинаға қатысты ұстанымы үшін қазақстандық рэпердің тағы бір концертіне тыйым салынды

24.04.2023, 08:25
әлеуметтік желіден

Қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Дубайдағы концертіне де тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бағдарламада 6 мамырда Билан мен Jah Khalib-тің өнер көрсетуі жоспарланған. Бірақ концерттен бірнеше күн бұрын қазақстандық орындаушының орнына сахнаға Баста шығатыны белгілі болды.

"6 мамырда Дубайда Димамен бірге Jah KHalib емес, Баста өнер көрсетеді. Бағдарламада өзгерістер болды, көрермендерді хабардар етіп жатырмын", - деді Биланның продюсері Яна Рудковская.

Орындаушының өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтың Ресейдің екі ірі қаласындағы концерттері тоқтатылғаны хабарланған. Бұған ресейлік депутаттар, журналистер және кейбір рэперлердің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына байланысты Бақтияр Мамедовтың (Jah Khalib) кештерін өткізуге тыйым салу туралы талабы себеп болды.

Серіктес жаңалықтары