Ақтауда қымбатшылыққа байланысты қалаға кіреберісте жүргізушілер әлі жиналып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Тек наразылық орны ауысты”, деп мәлімдеді Азаттыққа жүргізушілердің бірі Абайдулла Базарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, 29 сәуірде де әкімдік өкілдері келіп, шараның “заңсыз” екенін ескерткен.
“Ақтауға кіреберістегі 53-база дейді, сонда тұрғанбыз. Ол жерге сыймағандықтан қалаға кіреберістегі 17-пост маңына ауыстық”, - деді ол.
Олар облыс әкімі мен президентке арнап жазған хатында 11 талап жазылған. Арасында:
1) “Тасымалдауды шектейтін” индустрия министрлігінің N715 бұйрығын жою;
2) 28 пайызға қымбаттаған жанармайдың бағасын қалпына келтіру;
3) Иран, Түркіменстанмен арадағы жүк тасымалдау бойынша келісімдерге қазақстандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын өзгеріс енгізу;
4) Халықаралық Жаңаөзен – Темір-Баба жолына асфальт төсеу;
5) Жаңаөзен – Жетібай – Бейнеу – Атырау – Орал тас жолдарын шетелдік жүк тасымалдаушыларға ақылы қылып, отандық автокөліктерге тегін қылу;
6) Қытаймен визасыз режимді енгізбеу туралы талап бар.