Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір тұрғын мерт болды

Ғалиасқар Думан

Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, үш адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

куәгерлер түсірген фото

Зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Жағдайлары тұрақты.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.