Қара алтын бағасы құлдырай бастады

Ғалиасқар Думан

АҚШ пен Ұлыбританиядағы демалыс күндерінен кейін сауданың төмендеуі әлемдік мұнай бағасын құлдыратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 76,63 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,44 доллар(0,57%) төмен. Дүйсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 0,12 долларға (0,15%) өсіп, 77,07 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасындаүы (NYMEX) электронды саудада шілде айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 0,26 доллар (0,36%) төмендеп, барреліне 72,41 долларды құрады. Қор биржасындағы негізгі сауда АҚШ-тағы мерекеге байланысты өткізілмеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тағы акциялардың динамикасы туралы деректер қара алтын құнының қымбаттауына ықпал еткен.