Елімізде жыл басынан бері өрттен 150-ге тарта адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл басынан бері тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Шолудағы дереккке сүйенсек, жыл басынан бері «112» пультіне халықтан 2 102 612 қоңырау келіп түскен.

3 875 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, 486 адам зардап шеккен. Соның ішінде 151 адам қаза болып, 1 млрд 272,75 млн теңгеге материалдық нұқсан келген.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған. Техногендік сипаттағы жағдайлардың басым бөлігі (85,7%) өндірістік және тұрмыстық өрттен болған. Төрт айда 3 133 өрт болып, 146 адам қаза болған. 1 млрд 208,33 млн теңгеге материалдық нұқсан келген.

Өрт Батыс Қазақстанда 48,6%, Қостанай облысында 44,4%, Жамбыл облысында 42%, Атырау облысында 39,7%, Абай облысында 39,6%, Ұлытау облысында 36,8%, Ақтөбе облысында 23,1%, Алматы облысында 24,3%, Жетісу өңірінде 24%,Қызылорда облысында 14% көбейген.