Ресейлік азамат Қазақстаннан тарихи жерін қайтарып алуды сұрады

Ulysmedia

Астраханьда «туып-өстім» деген азамат Қазақстанға және осындағы «қазақ бауырларына» үндеу тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Астрахань тұрғынының үндеуі жазылған бейнеролик тарады.

«Қазіргі оқиғаларға байланысты сіздерге үлкен өтінішім бар. Қазір Белгород облысында не болып жатқанын бәріңіз білесіздер. Халқымыз оянып, өз аумақтарын Путиннің бейбақтарынан, басқыншыларынан, фашистерінен азат етуге кірісті. енді сіздер де тарихи жердеріңізді біздің барлық жерімізді ойрандап, қарттарымыз бен балаларымыз әбден тоз-тоз болып өмір сүруі үшін бәрін жасаған Путиннің фашистік билігінен босатыңыз», - деді ол.

Ер адам Қазақстанға тарихи жерлерін «қайтарып алу» керек деп есептейді.

«Астрахан – қазақтың туған жері. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жерлеріңізді қайтарып алыңыздар және азаматтарымыздың қалыпты үкімет жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік жасаңыздар», - деп қосты ол.

Еске салайық, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин Ресей Украинаға басып кіру кезінде алға қойған мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізе алмағанын айтты.