Қазақстан мұнай өндірісін қысқарту мерзімін ұзартады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

фото: ашық дереккөзден

"Қазақстан тәулігіне 78 мың баррельге дейін өзінің ерікті қысқартуын 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартады, бұл – бұған дейін сәуір айында ерікті қысқарту туралы жариялаған ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдермен үйлестіру шарасы", – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бұл шешім 2023 жылғы 4 маусымдағы ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісім бойынша қабылданды.