Қазақстан-Ресей шекарасында 100-ге тарта жүк көлігі қаңтарылып тұр

Ғалиасқар Думан

Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Бұған дейін желіде тараған видеодан жүзге жуық көліктің кептеліп тұрғанын көруге болады.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 4 маусым күні сағат 12:30-дағы жағдай бойынша "Қайрақ" АӨП-да тауар экспорттаушы 60-80 жүк көлігі жиналып тұрғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұзын-сонар кезектің түзілуі Ресейге қарай бағытталған бейтарап жолақтың толып қалуы, сондай-ақ басқа аймақтардағы өткізу пункттеріндегі жөндеу жұмыстары себеп болған. 

Өткізу пунктіндегі мемлекеттік кірістер органдары ҚР ҚМ МКК АЖ мәліметтерді енгізу арқылы тасымалданатын жүктерді мониторингтен өткізеді. Бұл әрекеттер 3-5 минутты алатыны хабарланды.