Болат Назарбаевтың "рейдерлік жөніндегі маманына" үкім шықты

Ғалиасқар Думан

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры – Болат Назарбаевтың "рейдерлік жөніндегі маманы" атанған М.А. Машанлоға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ол Елдос Коспаевтың  ұйымдасқан қылмыстық тобының  шекара арқылы қашуын ұйымдастырған.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, М. А. Машанло Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңайында ол қылмыстық топ мүшелерінің өткізу пунктін айналып өтіп қашуына көмектескен.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Айдынғалиұлы Коспаев "BN Invest" қаржы-өнеркәсіптік холдингі" ЖШС директорының орынбасары, компанияның басшысы – экс-президенттің бауыры Болат Назарбаев. 2022 жылдың шілдесінде Қоспаевқа іздеу жарияланды.

Желтоқсан айында Антикор журналист Михаил Козачковты "Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына көмектесіп, рейдерлік шабуылдар жасады" деген күдікпен ұстады. Журналист 3,5 жылға шартты түрде сотталды.