Ақтөбе қалалық сотында жергілікті тұрғынның қамауда ұсталғаны үшін оған келтірілген залалды өтеу туралы талабы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ер адам психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатты деген айыппен ұсталған. Тергеу кезінде ол қамауда отырды.
Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, өйткені ұсталған адамның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы табылған жоқ.
Сот талапкердің талабын қанағаттандырды және Қаржы министрлігінен 300 000 теңге мөлшерінде моральдық залал өтемақысын, 600 000 теңге көлемінде мүліктік залал сомасын және өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша сот шығыстарын (150 000 теңге) өтеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұрынғы вице-министр Шкарупа Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алған еді.