Halyk беделді халықаралық Green Finance Awards сыйлығына ие болды

Ғалиасқар Думан

Бүгін елордада өткен "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырған Astana Finance Days 2023 конференциясында Halyk тұрақтылық құндылықтарын ұстанғаны және орнықты даму қағидаттарын тиімді енгізгені үшін Best Green Investment Bank номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Фото Ospan Ali

Green Finance Awards жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеяларын ілгерілетуге бағытталған. Биылғы салтанатта 2021-22 жылдары Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия өңірінде тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпазды таңдау кезінде 5 номинацияның әрқайсысында экологиялық критерийлерге жауап беретін іске асырылған жобалар және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша қол жеткізілген нәтижелер ескерілді.

"Біз 2019 жылдан бері үшінші рет өткізіп келе жатқан Green Finance Awards сыйлығының жеңімпаздарын марапаттауға қуаныштымыз. Біз өз елдері мен аймақтарында тұрақты қаржыландыруды ілгерілетуде айтарлықтай жетістіктерге жеткен адамдар мен компанияларға назар аудару үшін Green Finance Awards сыйлығын табыстап келеміз. Бұл жасыл облигациялардың ең үлкен шығарылымдары немесе жасыл банкингтің ең жақсы тәжірибелері болуы мүмкін. Сыйлықтың басты мақсаты – жеңімпаз ұйымдардың хабардарлығын арттыру және оларды тұрақты болашаққа жету жолында климаттың өзгеруіне қарсы күресте осындай қиындықтарға тап болған нарық қатысушылары үшін үлгі ету", – деді АХҚО басшысы Ренат Бектұров.

Сыйлықтың ұйымдастыру комитеті атап өткендей, Best Green Investment Bank номинациясында өз клиенттеріне тұрақты инвестициялық-банктік өнімдердің кең спектрін ұсынуға және оларды неғұрлым тұрақты болашаққа қарай ілесіп жүруге ынталы қаржы ұйымдары ұсынылған.

“Біз Halyk-тың бизнеске тұрақты даму жолында көмектесуге деген ұмтылысына қосқан үлесі еңбегі үшін бағаланғанына шын жүректен қуаныштымыз және банк қаржы ұйымдары арасында инновациялардың ізашары және қоғамдағы оң өзгерістердің драйвері болады деп сенеміз", – деді ұйымдастыру комитеті.

Best Green Investment Bank номинациясы бойынша жеңімпазды таңдау критерийлерінің бірі есепті кезеңде берілген "жасыл" қарыздардың көлемі болды. Осылайша, 2021-2022 жылдар аралығында Halyk жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станцияларын салу және пайдалану бойынша бірнеше жобаларды қаржыландырды.

Бұдан басқа, "Halyk Finance" АҚ Банктің еншілес ұйымы "Самұрық-Энерго" жасыл облигацияларын шығару және орналастыру бойынша менеджер және букраннер, сондай-ақ "Даму" Қорының әлеуметтік облигацияларын шығару және орналастыру бойынша қаржылық кеңесші және андеррайтер ретінде әрекет етті.

Экологиялық саналы ұйымның жоғары мәртебесін растай отырып, Halyk жақын арада "жасыл" автонесиелеу бойынша жаңа онлайн үдерістің іске қосылуы және электр автомобильдерін сатып алудың ерекше шарттары – автокредиттер бойынша стандартты мөлшерлеменің 1%-ы мөлшерінде жеңілдік күтілетінін мәлімдеді. "Жасыл" автокредит 6 айдан 84 айға дейінгі мерзімге жаңа электр автомобильдеріне де, жүгірісі бар электр автомобильдеріне де берілетін болады.

Банктің әлеуметтік қызметі қоршаған ортаны сақтау тақырыбымен де тығыз байланысты. Halyk биыл жеке секторды – Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын Астана мен Алматыдағы 230 отбасының үйлерін газдандыру жобасын жалғастыруда, жылыту маусымы басталғанға дейін банк қаражаты есебінен магистральдық газға толық қосылатын болады. Жобаны іске асыру үшін Halyk шамамен 230 млн теңге бөледі.

Марапатқа түсініктеме бере отырып, Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов:

"Жасыл экономиканы нығайтуға қосқан үлесіміз мойындалғанына ризамыз. Банк орнықты даму қағидаттарын енгізу бағытында орасан зор жұмыс жүргізуде және біздің күш-жігеріміз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болғанына қуаныштымыз. Біздің клиенттеріміздің, акционерлеріміздің және серіктестеріміздің сенімі мен адалдығымен нығайтылған лайықты беделді марапаттар негізінде құрылған, бизнеспен ойластырылған стратегияның тиімділігін дәлелдейді.  Halyk командасы үшін – бұл жаңа жеңістер мен жетістіктерге жету жолындағы ең жақсы мотивация", – деді.

2020 жылдан бастап Halyk Bank қазақстандық банктердің алғашқысы болып GRI халықаралық стандарттарына сәйкес жыл сайынғы ESG есебін жариялау бойынша ерікті бастама қабылдады. 2023 жылдың қаңтарында БҰҰ-ның жаһандық келісіміне қосыла отырып, банк жыл сайын тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс туралы есеп беруге міндеттеме алды. Best Green Investment Bank номинациясындағы жеңіс – Halyk-тың жылдар бойғы дәйекті және нәтижелі әрекеттерінің мойындалуы.