Ақтауда төтенше жағдай жарияланды

Айнель Аянова

Ақтауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

«Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия жұмысының әтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Бұл шешім «МАЭК» ЖШС жұмысына әсер етпейтіні, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылатыны атап өтілді.