Алматы-Қорғас тасжолының бетон жабыны көтеріліп кеткен

Айнель Аянова

Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар көтеріліп, үгітіле бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тараған видео авторының сөзінше, жүргізушілер жолдың қақ айырылып жатқанын аңғармай қалса, қаншама апат болуы мүмкін.

Бұл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі  растады.

«8 маусым күні шамамен кешкі сағат 20:25-те оңтүстік бағыттағы жолдың 190-шы шақырымында жолдың жүру бөлігінде цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті. Бүгінгі күні жоғарыда аталған олқылықты жою жұмыстары аяқталды. Көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді», - деп жауап берді компаниядан.