Абай облысында 3 учаскеде әлі өрт сөндіріліп жатыр

Ulysmedia
t.me/qr_tjm

Абай облысында 3 учаскеде әлі өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді.

Қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді, басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратын болады.