Ол үшін жедел жәрдемнің резервтік бригадалары мен ауруханалардағы орындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абай ауданындағы Бородулиха ауылынан орталық аудандық аурухананың науқастары Жезкент кентіне және Семейдегі көпсалалы жедел жәрдем ауруханасына эвакуацияланды. Аурухана жабдықтары эвакуациялауға дайындалуда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствода 39 жастағы ер адамның көмірқышқыл газымен улану салдарынан ес-түссіз күйде Семей қалалық ауруханасына жеткізілгенін атап өтті. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
«Қатты түтін басқан елді мекендер аумағында тұрғындар толығымен эвакуацияланды. Семей қаласынан Қаштақ ауылына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілсе, Семей қонақүйіндегі эвакуация пунктінде бір жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етуде. Барлық эвакуацияланған науқастар Семей қаласының медициналық мекемелеріне жатқызылады, бұл үшін қосымша жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.
Еске салайық, Абай ауданындағы 30 мың гектарға жуық аумақтағы өрт 9 маусымда басталған. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өрттің орын алуына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Ол - Сырым Шәріпханов. Үкімет өрттен зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Өкінішке қарай, үш өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Олардың 5-інің мәйіті анықталды. Адамдардың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.