Оқу-ағарту министрлігі 3 ақпараттық платформаға негізсіз артықшылықтар берген

Ғалиасқар Думан

Оқу-ағарту министрлігін тексерген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Атап айтқанда, Министрлік, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасы арқылы өткізу ұсынған. Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, аталмыш қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген”, – делінген хабарламада.

Ведомство мұндай актілерді қабылдауға Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес тыйым салынатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта БҚДА нұсқамасын орындап, министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойды.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазақстан темір жолы» компаниясы мемлекет келісімінсіз 80-нен аса қызмет түрін көрсетіп келгені анықталған еді.