Елімізде 79 884 адам коронавируспен ауырып жатыр

Ая Өміртай

Қазақстанда 2021 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 884 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан, деп хабарлайды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Фото: ашық дерекөзден

Олардың ішінде 16 528 пациент стационарда, 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Ауырғандардың арасында 1 316 адамның жағдайы ауыр болса, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 193 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.