×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Назарбаевтың туған күніндегі отшашулар: әкім экс-президенттің аты-жөнін атаудан бас тартты

30.06.2023, 13:19
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биылғы жылы елордада 6 шілде - бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне сәйкес келетін қала күнінде отшашулар ұйымдастырылмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала басшысы журналистердің сұрағына жауап бере отырып, бұрынғы мемлекет басшысының аты-жөнін атамауды құп көрді. Ол елорда жұртшылығы отшашу сұрамағанын айтты.

"Біз отшашу ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпыз.  Сондықтан сіз атаған фамилиямен ешқандай байланыс жоқ. Қала жұртшылығы да отшашу сұраған жоқ. Сондықтан ұйымдастырылмайды", – деді Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімдігі мерекеге орай отшашу болмайтынын мәлімдеген. Биыл Астана күні үшінші жыл қатарынан отшашусыз өтпек.

29 шілдеде Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы заң қабылданғаннан кейін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының шетелдегі мүлкі ізделетінін айтқан. Сол күні Сенат депутаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің атымен аталған мектептер, ЖОО және Қордың жоғары кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары