Алматы облысында мерекелік шарадан кейін әкімдік қызметкері қайтыс болды

Ғалиасқар Думан

Еңбекшіқазақ ауданында әкімдік қызметкері мейрамнан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Әкімдік мәліметінше, 30 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы "Agro-Business Forum Assy-2023" дәстүрлі форумы өткен.

Іс-шара аяқталғаннан кейін ер адам өзін нашар сезініпті.  Биік таулы үстіртте кезекші болған жедел жәрдем дәрігерлері оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Бірақ одан нәтиже болмай, ер адам есін жимастан қайтыс болған.

Алматы облысының әкімдігі қайтыс болған адамның Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істегені туралы хабарлады. Сол күні ол мерекеге жұмыс бабымен емес, демалушы ретінде барған.

Айта кетейік, Ассы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау.