Орыс ұлтының өкілі домбырамен желіні таң қалдырды

Ulysmedia

Ресей азаматы Дмитрий Суворов әлеуметтік желі қолданушыларын домбыра тартысымен тәнті етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

tiktok/@dimasuvorov

Ер адам «Асыл домбыра» акциясы туралы хабарландыруды көріп, оған қатысқысы келеді

«Мен екібастұздық емеспін, тіпті Қазақстаннан да емеспін, бірақ мен қазақстың ұлттық аспабын қатты жақсы көремін. Мен оны ойнауды төрт жылдан бері үйреніп келемін, қазақтың күйін де, танымал шығармаларын да, тіпті классикалық музыкасын да орындай аламын... Қазақстанда жұмыс істеп жүріп, домбыра, қылқобыз, сыбызғы, шертер, шаңқобызда ойнауды үйрендім...», - деп жазды ресейлік азамат.

Суворов өзі орындаған екі шығарманың бейнебаянын жариялады: бірі Сүгірдің «Ыңғай төк» күйі және әйгілі голландиялық Shocking Blue - Venus рок тобының композициясы.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтілуде.