Атыраулықтар тағы ыстық сусыз отырады

Ғалиасқар Думан

Атырау қаласында тағы 4 күн ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ыстық су беру 10 шілдеде тоқтатылады. Бұл үзіліс 14 шілдеге дейін жалғасады.

«Күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес үш жылу пунктінің жабдықтарына тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты «Атырау жылу жүйелері» АҚ 10 шілдеде ыстық су беруді уақытша тоқтатады. Ыстық су 14-шілдеден қайта беріле бастайды», -деп хабарлады кешеннің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, «Жарық» орталық жылу пункттінен Азаттық көшесіндегі №102, 104, 106, 108, 110, 112а, 114, 116, 118, 120, 122, 124, 126, 130, 131а, 132, 133б, 134, 136, 138, М.Әуезов көшесінде орналасқан 55, 57, 59, 61, 63, 63а, Алтай көшесіндегі 1, 3, 5, 7, 9 мекенжайындағы үйлерге ыстық су берілмейді. Ал, «Егоров атындағы» жылу пунктінен «Вокзал маңы-3а» шағын ауданындағы №1а, 2а, 4а, 5а, 6а, 7а, 8а, 10а, 11а, 14, 14а, 15а, 16а, 17а, 18а, 19а, 20а, 21а, 22а, 25а, 26а, 27а, 51а, 52а, 53а үйлердің тұрғындары ыстық сусыз отырады.

Сондай-ақ, «Экспериментальный» орталық жылу пунктінен «Сары-Арқа» шағын ауданындағы №28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 38, 39, 40, Қ.Сәтпаев көшесіндегі №13 үйге ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Еске салайық, бұдан бұрын Атыраудың бір бөлігінде тұрғындар 3 күн ыстық сусыз отырған.