×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Маңғыстау және Атыраудағы апаттар: тергеуге ҰҚК өкілдері қатысады

04.07.2023, 17:41
видеодан кадр

Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-Министр Энергетика министрлігіне апаттардың себептерін егжей-тегжейлі зерттеп, кінәлілерді анықтау үшін сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика министрлігінің Энергетикалық қадағалау комитеті, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.

«Ең бастысы апаттардың себептерін анықтау керек. Адами фактор болды ма? Бұл ретте тек кешегі оқиғаға байланып қалудың қажеті жоқ. Уақтылы шешім қабылдамау, кейінге ысыру және мәселелерді дер кезінде елемеу осыған жеткізіп отыр. Мұның барлығын объективті түрде анықтау керек», — деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министр апаттардың салдарын жедел жою, Батыс энергетика жүйесін нығайту, оның Қазақстанның Бірыңғай энергожүйесімен интеграциялануы, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін генерациялау резервін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Үкімет басшысы бір апта ішінде растайтын құжаттар мен ұсынылған шаралар көрсетілген толыққанды қорытынды дайындауды талап етті.

Сондай-ақ ол қысқа мерзімде батыс өңірлеріндегі энергетика және мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Біз бұл жағдайдан қорытынды шығаруымыз керек. Энергетика министрлігі барлық мәселелерді түбегейлі, жүйелі түрде шешу үшін жұмысты үйлестіруі керек», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Еске салайық,3 шілдеде Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтап қалды. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

МАЭК қызметкерлері сәуір айында кәсіпорында жабдықтардың тозғанын, сондай-ақ жалақының төмендігіне байланысты кадрлар жетіспейтінін айтқан. Ulysmedia тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен неге бұл ескертуді ешкім елемегенін сұрады.

Министр МАЭК-тегі жағдайдың күрделі екенін растады. Онда толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржыландыру жеткіліксіз болған.

Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов Атырау зауытындағы апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын электр желілеріндегі іркілістер елдегі мұнай кәсіпорындарына қанша шығын келтіргенін жазғанбыз.

 

Серіктес жаңалықтары